• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:00:20
Алматы
+12°

Алматы қаласының әкімдігі бейбіт жиындар өткізуге арналған орындарды өзгертуді көздеп отыр. Тиісті өзгеріс жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған.

Бейбіт митинг өткізуге арналған төрт орынның екеуінің сыйымдылығы артып, шеру өткізетін орын тарыла түспек. Енді митинг өткізушілер Шевченко көшесіндегі Шоқан Уәлиханов атындағы гүлзардың орнына Мәметова-Абылай хан көшелерінің қиылысындағы Амангелді Иманов атындағы саябаққа жинала алады. Шоқан Уәлиханов атындағы гүлзарда жиналуға рұхсат етілген адам саны 1000-нан 500-ге кемиді.

Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов гүлзарынан Махатма Ганди атындағы саябаққа дейінгі бейбіт шеру ұйымдастыруға арналған жер Гагарин даңғылынан бастап Жабаев көшесінің бойымен Мұқанов көшесіне дейінгі жерге ауыстырылады.

Махатма Ганди атындағы саябақ пен "Сары Арқа" кинотеатрының артындағы гүлзар митинг өткізуге арналған орын ретінде қала береді, тек "Сары Арқаға" бұрынғыдай 500 емес, 1000 адам жиналуға рұхсат етілмек.

Бұл өзгерістерді қалалық қоғамдық даму басқармасы жиындардың кейбір аумақтар мен нысандардың жұмысына әсер ететіндігімен байланыстырады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бейбіт митинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір