• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:17:16
Алматы
+12°

25 Маусым, 2024 NEWS

1,5 млрд теңге: Сейсмологиялық зерттеулерге осынша қаржы теңге бөлінбек.

3 жылдық сейсмологиялық зерттеулерге 1,5 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті.

Көрнекі сурет

«Сейсмология институты 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» (СБЗҰҒО) болып аталады. 2024 жылдың 9 қаңтарында «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредитацияланды. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында 2024-2026 жылдарға арналған Ғылым министрлігі жариялаған конкурсқа «Қазақстанның облыстары мен қалалары аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін заманауи ғылыми-әдістемелік негізде бағалау» ғылыми-техникалық тапсырмасына қатысып жатыр», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдан бастап СБЗҰҒО ғылыми-техникалық бағдарламаларын мемлекеттік тапсырма ретінде қаржыландыру жолдары қарастырылып жатыр.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымын, Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен жабдықтарды жаңғыртуға 2024 жылға 500 млн тенге бөлінді және 2024-2026 жылдарға сейсмологиялық зерттеулер бағытында ғылыми-техникалық жобаны қаржыландыру жоспарлануда. Жобаның құны 1,5 млрд. тенгені құрайды. Сонымен қатар СБЗҰҒО ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы дайындалуда», - деді министрліктен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: СБЗҰҒО сейсмология

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір