18 Маусым, 2024 NEWS
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан
Германияда жоғалып кеткен Астана қаласы Сарыарқа ауданының экс-судьясы Айгүл Сайлыбаеваның денесі табылды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
"Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Полицияның алдын ала берген ауызша ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды" — делінген СІМ хабарламасында.
Айта кетейік, Айгүл Сайлыбаеваның денесі Бенсхайм қаласының шетінен табылған. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Қазіргі уақытта болған жағдайға қатысты 35 тергеуші жұмыс істеп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір