15 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Отбасы – сыйластық пен мейірім, махаббат пен құрмет ортасы. Отбасы қоғам өзегі, рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы. Мемлекеттің дамуында, қоғамның қалыптасуында отбасының, ұрпақ тәрбиесінің маңызы зор. Себебі мемлкет кішкентай отбасылардан құралады. Отбасы күнінің капиталисттік қоғамда тіршілік қамытымен адам үшін шын мәнінде маңызды болатын сол құндылықтарды еске салуда атқарар рөлі зор. Бұл күннің де ерекшелігі осында. Осыған орай, "Азаматтарға арналған үкімет" арнайы статистика дайындады.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметі бойынша Қазақстанда 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды. Неке саны бойынша көш бастап тұрған Алматы, Астана және Шымкент қалалары. Алматы облысы бойынша осы аралықта 6413 (2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында - 2602) неке тіркелді.
Неке институтын нығайту мемлекет саясатына да оң әсер береді. Ұлт пен мемлекеттің өзі отбасыдан басталады. Ғылыми-технологиялардың қарыштап дамуы арқылы қоғам үлкен өзгерістерге тап болды. Ақпараттық шекаралар жойылған жаңа ғасыр жаңа мәселелерін де қоса ала келді. Цифрлық технологиялар отбасылардың әл-ауқаты мен әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Алайда қоғам қалай өзгерсе де, отбасының маңызы төмендемеуі тиіс.
Соның арқасында 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 328 мың азаматының тууы тіркелді. Алматы облысында 29725 балаға туу туралы куәлік рәсімделген. Аймақ бойынша 4 айда 9305 бала дүние есігін ашқан.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде "Азаматтарға арналған үкіметке" азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір