• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:10:47
Алматы
+12°

«Заң мен тәртіп үстемдігі» дегеніміз не және оның әділдікті түсінуге қандай қатысы бар, бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында айтып берді. Сұхбат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясының өткеніне бір жыл толуына орайластырылып отыр.

«Біздің мақсатымыз – мәртебесіне, қалтасының қалыңдығына, шыққан  тегіне қарамастан заң алдында жалпыға бірдей теңдікті қамтамасыз ету. Бұл мәселенің бір бөлігі. Ал екіншісі, қоғамдағы кез келген құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидасын сақтау», – деп Мәжіліс спикері журналистің сұрағына жауап берді.

лщл

Оған мысал ретінде Палата төрағасы жемқор олигархтар мен жоғары лауазымды шенеуніктерге бағытталған «Активтерді қайтару туралы» заңға тоқталды. Ерлан Қошановтың айтуынша,  қазір мемлекеттің алдында тұрған басты міндет – ұрланған қаражат пен мүлікті халыққа қайтару. «Бұл қоғамға белгі бергендей болды – біз ол адамды кім немесе кімнің адамы екеніне қарамадық. Заң үстемдігі деген осы», – деді Палата спикері.

Саясаткер мұны қазақстандықтарға кез келген ауыр қылмыс кішігірім бұзақылықтардан басталатынын түсіндіретін идеологиялық міндет деп біледі. Оның айтуынша, бүгінде құқықтық нигилизм қоғамның белгілі бір бөлігінде тамыр жайып бара жатыр, адамдар көз алдында болып жатқан қылмыстық әрекеттерге бей-жай қарайтын болды.

бдж

«Қылмыстық оқиға туралы не үшін хабарлау керек? Көршінің әйелін ұрып-соғатынын, подъезге сурет салғанын немесе қоқыс тастайтынын неге құқық қорғау органдарына айтуымыз қажет? Кейбір адамдардың үнсіз қалуы, ол бәрібір ештеңені өзгертпейді деп ойлайды. Енді біреулер құқық қорғау органдарымен байланыстан аулақ болуды қалайды немесе  мұндай әрекеттерді дұрыс деп қабылдамауы мүмкін. Бірақ біз қазақстандықтарға кез келген ауыр қылмыстың ұсақ-түйек бұзақылықтардан басталатынын түсіндіруіміз керек. Егер кішігірім қылмыстық әрекеті үшін жазаланбай, жауапкершіліктен жалтарып кетсе, оны қалыпты жағдайдай көріп, келесі жолы да  жауапкершіліктен оңай құтыламын деген ойды санасына сіңіре бастайды», – деді Ерлан Қошанов.

Осы орайда ол қоғамдық бақылау мен азаматтық белсенділіктің маңыздылығын атап өтті.

«Біз әр үйге, әр пәтерге бейнебақылау камерасын орната алмаймыз. Сондықтан әр азамат айналасында болып жатқан жағдайларға бай-жай қарамауы керек. Мен мұны жалпыға бірдей қамқорлық және өзара жауапкершілік идеясы деп атар едім. Бұл заң үстемдігімен қатар негізгі идеологиялық бағытымыз болуы керек. Бұл туралы Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында да айтқан болатын», – деді Мәжіліс спикері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір