• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:09:58
Алматы
+12°

27 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

Әбу-Дабиден дзюдашы Кәмила Берліқаштан басқасы жүлдесіз қайтты

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында 24-26 қазанда дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтті.

BasSport сайтынан алынды

Қазақстаннан әйелдерден жеті, ерлерден 14 балуан барған. Аса ауыр салмақтағы Камила Берліқаштан басқасы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды

 Аталмыш жарысқа әлемнің 81 елінен 461 спортшы келген. Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмады. Қыздардан тек аса ауыр салмақтағы Кәмила Берліқаш финалға шықты.

Ол финалда 78 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі өнер көрсетіп, португалиялық Рошель Нунесьпен кездесіп, қарсыласына иппон әдісімен жол берді.

Негізінде,  Grand Slam  жарысына Қазақстан негізгі құрамын апарған. Алайда Кәмила Берліқаштан өзге дзюдошылардың қанжығасы бос қайтты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір