• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:14:30
Алматы
+12°
Түркістан облысында балаларға зорлық жасады деген күдікке ілінген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
"Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады", - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.
 
Жедел-іздестіру кезінде қылмыс жасады деген күдікпен Отырар ауданының тұрғыны ұсталып, қамауға алынған.
 
"Менің тапсырмам бойынша арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ер адам өз кінәсін мойындады. Тиісті сараптамалар жасалады", - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов.
 
Полиция бастығы тергеу аяқталғанша жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіруден аулақ болуды сұрады.
 
"Мұндай жайттар бойынша міндетті түрде жіті бақылау болады, сондықтан сабыр сақтап, заң аясында тергеу нәтижесін күтулеріңізді сұраймын", - деп қосты ол.
 
Еске салсақ, бұған дейін адвокат Айман Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысының тұрғыны кәмелетке толмаған жеті қызды зорлағанын айтқан еді. 
 
"Бізге Түркістан облысының тұрғындары "One-Stop-Service" жобасына жүгінді, әр түрлі отбасылардан шыққан кемінде 7 қыз 1993 жылы туған ер адам тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Олардың барлығы бір тұрғын үйде және бір подъезде тұрған", - деп жазды Айман Омарова.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір