• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Шілде, 00:04:50
Алматы
+35°

Алматы облысының өрт сөндірушілері жер үйден кісі қолынан қаза болған әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды. 

Полиция департаментінің хабарлауынша,  14 қыркүйекте сағат 23:24-те Іле ауданының Полиция басқармасына Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің біріндегі өрттен кейін К. мен оның екі кәмелетке толмаған баласының зорлық-зомбылық белгілері көрінетін мәйіттері табылғаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйден үш адамның мәйітін тапты.
 
"Өртті сөндіру кезінде оқиға орнынан 1981 жылғы әйел мен оның 2010 және 2016 жылғы екі баласының мәйіті табылды. Денелерінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Өрт сөндірілді, жалын 124 шаршы метр аумақты шарпыған", - деп мәлімдеді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
 
Өңір полициясы ақпаратты растады, Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тергеу басталған.
 
"Қазір күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық аудандық полиция бөлімшесіне және көршілес өңірлердің полиция департаменттеріне бағдарлар жолданды", - деді Алматы облыстық полициясының басшысы Бауыржан Әленов.
 
Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін барлық қажетті сараптама жасалады, тергеу шаралары жүргізілуде.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір