14 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ақмола облысында жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты.
Қайғылы оқиға Көкшетау-Рузаевка тас жолында болған. Lexus LS 430 көлігі мен DAF жанармай автоцистернасы соқтығысып, оқиға салдарынан көлік отқа оранды.
Көлік апатынан Лексус автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі, оның әйелі мен баласы оқиға орнында көз жұмды. Жүк көлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір