12 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Polisia.kz
Ақтөбе облысында балалары қараусыз көшеде жүргені үшін 3 мыңға жуық ата-ана жауапқа тартылды.
Жыл басынан бері түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін ішкі істер органдарына 3 мыңнан аса кәмелетке толмаған жеткіншек жеткізілген. Заңды өкілінсіз кәмелетке толмағандардың үй-жайдан тыс болғаны үшін 2 мың 734 ата-ана жазаға тартылып, түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болғаны үшін 116 жасөспірім және оларға рұқсат берген 65 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, балаларына тәрбие жұмысын жүргізбегені үшін 125 ата-анаға әкімшілік жаза қарастырылса, 81 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін сақтауға, олардың мінез-құлқына ерекше мән беруге, бос уақытын қалай өткізетінін қадағалауға шақырады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір