10 Шілде, 2023 Барлық аймақтар
Фото: Ашық дереккөз
Ақмола облысының білім беру бухгалтерлері аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасап, туыстарының шоттарына ақша аударған. Ал аударымдардың шынайылығын көрсету үшін тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Бірақ банктік шоттар жақын туыстарына ашылған. Осылайша, балабақша есепшісі 47 миллион теңгені жымқырды.
Ал Степногорск қаласы мектептерінің бірінде бухгалтер өз шотына 36 миллион теңгені жалақы ретінде аударған.
Қазіргі кезде осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұлбапта белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір