• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:24:23
Алматы
+12°

Қарағандыда кәмелетке толмаған қызға лифтте тиіскен ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. 

Наурыз айында мектеп оқушысының анасы белгісіз ер адам лифтте қорламақ болғанын айтып полицияға шағым түсірген. Екі айға созылған тергеу нәтижесінде қылмыстық ер адамның кінәсіз болып танылған. 

"Наурыз айында кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Лифттегі бейнебақылау камерасы жазбасын егжей-тегжейлі қаралды. Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы бұл шешімді бекітті", - деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров. 

Еске сала кетейік, Қарағандыда лифтінің ішінде 15 жастағы қызға азғындық жасап, пәтеріне "көңіл көтеруге" шақырған ер адам ұсталған болатын. 

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан 23 жастағы ер адамның жасөспірімге тиісіп, оның келісімінсіз сүйіп, лифтіден шығармай қойғанын көруге болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір