29 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Сенат Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын мектептер, ЖОО мен Қордың жоғарғы кеңесінің басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады.
Қабылданған заң бойынша Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев Қоры мәртебесі туралы ҚР заңына Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындау жөнінде түзетулер енгізілген.
Заңға сәйкес ҚР Президенті немесе Президент тағайындайтын тұлға Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болып табылады. Ал Жоғары Қамқоршылық Кеңес туралы ережені Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы бекітеді.
Сонымен қатар, дарынды балалардың Назарбаев зияткерілк мектептерінде оқуын төлеуге арналған "Өркен" білім грантын енді Назарбаев емес Тоқаев белгілейтін болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір