• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:13:38
Алматы
+12°

Telegram желісінде адамдардың көпқабатты үйлерде тұруға болмайтыны туралы видео таралуда. Видеода мұндай тұрғын үй адамдар үшін қалыпты болмағандықтан, ДНҚ-да көптеген мутацияларды тудыратыны жайлы айтылған. Алайды бұл – жалған ақпарат.

Бейнежазба авторы 1944 жылы бес қабатты үйлерде тұрудың қауібін дәлелдеген ауқымды зерттеу жүргізілгенін айтады. Оның хабарлауынша, пәтерде өскен баланың ДНК сы туғаннан бастапжүздеген мутацияға ұшырайды деген болжам бар. Бұл мүлдем дәлелденбеген ақпарат. 1944 жылы әлемде Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанын ескерсек, мұндай зерттеудің жүргізілу ықтималдылығы төмен. Әрі зерттеу туралы ешқандай дәлел жоқ.

Оның үстіне, 1944 жылы ғалымдар көпқабатты үйлерде тұру қауіпті екенін дәлелдесе, 1950 жылдары бүкіл Кеңес Одағында Хрущевтер бастаған ауқымды құрылыс жұмыстары басталмас еді.

Ол кезеңде төрт-бес қабатты, пәтерлері шағын, ғимараттардың сырты әрленбеген көпқабатты үйлер салынды. Мұндай үйлерді арзанға әрі тез салуға болатын едң. Бұл ауылдан қалаға жаппай көшкен адамдарды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бейнежазбада қаладағы көпқабатты үйлерде тек үш ұрпақ ауысуы мүмкін, ал үшінші ұрпақ жасанды түрде ойластырылатын болады деген теорияны айтады. Бұл объективті шындыққа қайшы келеді.

Өйткені, алғашқы көпқабатты тұрғын үйлер «инсула» деп аталып, ежелгі Римде салынған. Дүкендер мен кафелер көбінесе бірінші қабаттарда орналасса, жоғарғы қабаттарда жұмысшы табының өкілдері тұрды. Кейбір деректерге сүйенсек, біздің заманымыздың 315 жылының өзінде Римде 44 850 инсул болған.

Содан бері 1700 жылдан астам уақыт өтті. Ұрпақтар теориясы бойынша олар 20 жыл сайын бірін-бірі ауыстырады. Яғни, ежелгі Римдегі инсул дәуірінен бері шамамен 85 ұрпақ ауысты.

Демек бейнебаян авторының теориясының жалған ақпарат.

Көпқабатты үйлерде тұру адамның ДНҚ-сын өзгертетініне ешқандай ғылыми дәлел жоқ. Қаладағы көпқабатты үйлерде тұрып, адамдардың ұрпақ жалғастыру қабілетін жоғалтуы шындыққа қайшы ақпарат.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір