• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:19:58
Алматы
+35°

2023 жылы 27 сәуірде Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының пленарлық отырысы өтті.

Қазақстан Республикасының президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.Тоқаевқа ҚХА жұмысы бойынша есеп берілді.

Мемлекет басшысы халық бірлігін нығайту, этносаралық қатынастарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілеріне тоқталды.

Президент саяси құрылымның жаңа моделі аясында этносаралық қатынастар жаңа бағытта қалыптасып жатқанын атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында бізде жаңа жалпыұлттық бірегейлік қалыптасты, оның басты рәміздері — біздің төлқұжатымыз және көк байрағымыз, — деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы ҚХА мен мемлекеттік органдардың құрылымдары үшін негізгі жүйелі ұстанымдарға тоқталды. Бірлігіміз бен келісімімізді бұзуға бағытталған кез-келген арандатушылықты үзілді-кесілді тоқтату қажеттігі туралы айтты. Сондай-ақ, уәкілетті органдарға заң шеңберінде этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі барлық арандатушылықтардың жолын кесуді тапсырды. Өйткені, достық пен келісім, сындарлы диалог пен жасампаз өзара іс-қимыл атмосферасы жасанды категориялар емес, біздің тарихымыз, бүгініміз бен болашағымыз!

Президент өз сөзінде Ассамблея мен оның мүшелерінің бейбітшілік пен келісім идеясын, халқымыздың бірлігін, елде кемсітушіліктің жоқтығын және біздің бірлігімізді сыртқы ақпараттық арандатулардан қорғауды белсенді ілгерілету жөніндегі іс-қимылдарды атап өтті.

Президент этноәлеуметтік шиеленістің себептерін жою және этносаралық коммуникацияның заманауи диалог алаңдарын ұйымдастыру үшін пәрменді шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы "Біз әралуанбыз, бірақ біз теңбіз", "бірлік әралуандықта" қағидаттары бүкіл білім беру жүйесі арқылы тарқатылу керек, ал этномәдени әралуандық барлық отандық көркем шығармаларда нормаға айналуы керек екенін ерекше атап өтті.

Саясатымыздың стратегиялық бағыты ретінде көпмәдениетті ортаны қалыптастыру және барлық азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру мәселелеріне ерекше назар аударылды, өйткені қазақ тілі азаматтық бірегейліктің пәрменді құралы болып табылады.

Президент бұл мәселеге тиянақты талдау жасап, сараптамалық-баяндама дайындауды тапсырды.

Сөз соңында Президент ҚХА азаматтық қоғамның этносаралық қатынастары саласында жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамытып жатқанын және Ассамблеяның барлық негізгі жұмысы жергілікті жерлерде жүргізілуі тиіс екенін, облыс әкімдеріне тиісті нұсқаулар берілгенін атап өтті.

Ассамблея мүшелеріне сөйлеген сөзінде Президент олардың қоғамдық бірлестіктің бір бөлігі ғана емес, бейбітшілік пен келісім идеясын насихаттаушысы екенін атап өтті.

Қазақстан – біртұтас ұлт, еліміздің әрбір этносы достықты, үйлесім пен келісімді нығайтуға өзінің өлшеусіз үлесін қосып отырған команда деп айтуға болады.

Пленарлық отырысқа Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, дипломаттық корпусының өкілдері, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің көсбасшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми, шығармашылық зиялы қауымының, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері т.б 1200 астам адам қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір