• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:52:45
Алматы
+12°

Бүгін Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталып, үйқамақта отырған Жанболат Мамайдың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот нәтижесі шықты.

Сот Жанболат Мамайды 6 жылға шартты түрде соттауға шешім шығарды. Сонымен бірге, оған 6 жылға дейін журналистік, қоғамдық–саяси қызметпен айналысуға да тыйым салды. 

Инга Иманбайдың мәлімдеуінше, Жанболат Мамай ешқандай қылмыс жасамағанына айғақ–дәлелдер келтірсе де, оны 6 жылға шартты түрде соттау туралы шешім қабылданған.

"Бұл саяси астары бар қудалау екені сөзсіз. Жанболаттың өзі де оны сотта ашық айтты. Алдағы уақытта апелляциялық шағым жолдаймыз. Қазақстанда әділдік таппайтынымыз анық. Демек, халықаралық ұйымдардың көмегімен БҰҰ деңгейінде шағым жазамыз"– деп хабарлады Инга Иманбай.

Үкім заңды күшіне енгенше белсенді үйқамақта болады.

Еске сала кетейік, Жанболат Мамай 2022 жылғы ақпан айында қаңтар оқиғасының 40 күндігіне орай өткен қаралы митингтен кейін ұзамай ұсталып, қарашаға дейін тергеу изоляторында қамауда отырған. Оған о баста жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, полицияға тіл тигізді, жалған ақпарат таратты деген айыптар тағылған. Былтыр қазан айының соңында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды деген жеңілірек айыпқа ауыстырылғаны белгілі болды. Ал 2 қараша күні сот оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, тергеу изоляторынан үйқамаққа жіберген болатын. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір