• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қазан, 00:40:09
Алматы
+8°

Этнограф Болат Бопайұлы сәуір айының байырғы атауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша қазақ халқы сәуір айын көкек деп атаған. 

"Қазір сәуір айы қолданылып жүр. Алайда бағы заманнан қолданылып келе жатқан айдың аты – көкек. Сәуір болса амалдың атауы. Негізінен сәуір сөзі араб тілінен енген аспандағы жұлдыздың аты, дейді этнограф.

Этнограф көкек айының атауы көкек атты жыл құсымен байланысты екенін айтты. 

"Осы айда жыл құсы көкек келіп, "көкек, көкек" деп өз атын айтып шақырады. Сондай-ақ күн жылынып, жерде көк көктейді. Наурыздан кейін "адамның аузы аққа, малдың аузы көкке тиді", дейді ғой. Көкек келгеннен бастап  құстардың жұмыртқалауы басталып, "ат көзінен көк келді, арқан бойы көк шықты, күн жылынды" деп айдың атын көкек деп атаған. Тоғысқа қарап отырып та байырғы қазақ көкек айы деген сөзді тастамаған. Сол себепті көкек айы бабаларымыз қолданып келген ай аты – көкек", деп сөзін аяқтады Болат Бопайұлы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір