• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:35:56
Алматы
+35°

Бас әскери прокуратура мүлікті мемлекетке қайтару бойынша шаралар атқарып жатыр, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

2014 жылы Алматының Медеу ауданындағы жер телімі "Достық Строй құрылыс компаниясы" ЖШС меншігіне өткен. Оның жалпы аумағы 3,8 гектарды құраса, құны 6 миллиард теңгеден асады.

"Алайда бұл компания 7 жылдан астам уақыт бойы жер телімін өз мақсатына сай пайдаланылмай келгенін ескере отырып, әскери прокуратура жерді мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа шағым түсірді" – деп мәлімдеді министрлік.

Сот прокуратураның талаптарын қанағаттандырып, шешім заң күшіне енген. Қазір сот шешімін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір