• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:56:12
Алматы
+35°

Жақында Гаагадағы халықаралық сот Ресейдің Украинаға басып кіргеніне байланысты екі қылмыстық іс ашып, бірнеше адамды қамауға алуға ордер береді.

New York Times порталының хабарлауынша, Ресейге екі пункт бойынша айып тағылмақ: Біріншісі – Украинаның азаматтық инфрақұрылымын әдейі талқандау; Екіншісі – Украина жеріндегі қорғансыз балаларды Ресейге күштеп алып кету. Ресейліктер украин балаларын қайта тәрбиелеу лагерлеріне алып кетіп жатыр. 

Халықаралық соттың бас прокуроры Карим Хан таяуда Украинаға барып, жағдаймен жеке өзі танысқан болатын. Ресей шабуылынан кейін Украинаның инфрақұрылымына айтарлықтай зарар келді, миллиондаған адам зардап шегіп, жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Әзірге халықаралық сот кімді айыптайтыны белгісіз. New York Times порталының кейбір дереккөздері Ресей президенті Путинге айып тағылуы мүмкін деп есептейді. Бірақ басылым сот процесінің болашағына күмәндана қарайды. Өйткені халықаралық сот қылмыстық істі сырттай жүргізе алмайды. Ал Ресей Гаага сотын мойындамайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір