• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:49:41
Алматы
+35°

Алматы жылу желілерінің бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды.

– "Алматы жылу желілері" ЖШС (бұдан әрі - АЖЖ) бас директоры К.Бейсенбиновке 560 миллион теңге сомасындағы айыппұл;

– АЖЖ бас инженері Д.Қазымбетовке 560 миллион теңге сомасындағы айыппұл;

– АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С.Джингильбаевке 560 миллион теңге көлеміндегі айыппұл;

– Пара бергені үшін "СпецКоммунСтрой" ЖШС директоры Б. Разимбековке 400 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалып, сотталды.

Сотталғандарға тағайындалған айыппұлдың жалпы сомасы – 2 миллиард 80 миллион теңге.

Сонымен қатар айыпталушыларға өмір бойы мемлекеттік мекемелерде қызмет істеуге тыйым салынды.

ҚР қылмыстық кодексінің  41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда қылмыскерлер бас бостандығынан айырылады.

Еске сала кетейік "Алматы жылу желілері" лауазымды тұлғаларына Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарт бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша аударғаны үшін Б.Разимбековтен 16 млн теңге сомасында пара алды деген айып тағылған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір