• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:24:17
Алматы
+35°

Маңғыстауда Капий арқылы Қазақстанға есірткі тасымалдаған үш шетелдік және бір қазақстандық сотталды, деп хабарлайды Qamshy.kz.

ҰҚК-нің ақпаратынша, олар 2022 жылы тамызда Қазақстанға Каспий теңізінің акваториясы арқылы 10 келі апиын мен 8 келі гашиш әкелмек болған әрекеттері үстінде ұсталды.

«Шетелдің азаматтары мемлекеттік шекараны кіші көлемді қайықпен заңсыз кесіп өткен. Қылмыскерлер қолданған қайық жеңіл әрі жылдам қозғалатындықтан оны радиолокациялық құралдармен анықтау қиындық тудырған. Есірткі көзге түсу қауіп төмен, яғни түн мезгілінде тасымалданған. Қылмыскерлер навигация үшін GPS және спутниктық байланыс құралдарын пайдаланған», – делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

2023 жылғы ақпанда Маңғыстау облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты есірткі қылмысына қатысушыларды ҚР ҚК 286-бабы 4-тармағына сәйкес кінәлі деп тауып, ұзақ мерзімге бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарды.

«Есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысы жалғасуда», – деп қосты ҰҚК.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір