• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:32:11
Алматы
+35°

Алматы мен Ақтөбеде әйелдердің зейнет жасын төмендетуге байланысты митинг өтті. Тәжікстанда 5,7 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі толығырақ хабарлайды. 

Қазақстан жаңалықтары

Жамбыл облысында 202 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жамбыл облысында пайдаланылмай жатқан 202 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Бұл алқап бұған дейін 449 адамның иелігінде болған. Облыстық прокуратураның араласуынан соң жер сотқа жетпей қайтарылды. Соның арқасында жайылымның жетіспеушілігі ішінара шешіле бастады. Мәселен былтыр ауыл тұрғындарына 700 мың гектарға жуық мал жаятын аумақ қажет болған. 

Ақтөбе мен Алматыда әйелдің зейнет жасын төмендетуді талап еткен митинг өтті

Қазақстанның батысындағы Ақтөбе қаласында әйелдің зейнет жасын төмендетуді талап еткен митинг өтті. Рұқсат етілген митинг қала шетіндегі "Авиатор" паркінде болды, оған 30 шақты адам қатысты. Жиынға келгендер Қазақстанда әйелдің зейнет жасын 58-ге түсіруді талап етті.

Әйелдің зейнет жасын төмендетуді талап еткен митинг Алматыда да өтті. ҚазТАГ-тың хабарлауынша, әйелдердің біразы жиынға қазақтың ұлттық киімімен келді. Олар әйелдің зейнет жасын төмендету болашақ әжелердің жақсы өмір сүруіне жағдай жасайды деген пікір айтты.

Елімізде коронавирус жұқтырған 4 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Қазақстанда КВИ инфекциясына шалдыққандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте елімізде 27 адамнан коронавирус анықталды. 9 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 552 + және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 596 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Әлем жаңалықтары

Тәжікстанда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘК" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 9 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 07:36-да жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында жатыр.

Египетте станцияға келген пойыз аударылып қалды

Апат 7 наурызда Каирдің солтүстігіндегі Калиуб қаласында болған. Египеттегі пойыз апатынан зардап шеккендер саны өсті. Екі адам қайтыс болып, жараланғандар саны 16 адамға жетті

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан митинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір