• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:48:31
Алматы
+35°

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты заңды қайта қарап, заң жобаларын күшейтуге шақырды, деп жазады HRW News

Халықаралық ұйым тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде қарастырып, әйелдерді толық қорғауды сұрады.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық – Қазақстандаңғы ең өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан заңдары зорлық-зомбылықпен күресте оң нәтиже көрсетіп жатқан жоқ.  Қазақстан билігі қабылдайтын заңдар халықаралық стандарттарға сай болуы маңызды. Билік заңды ашық талқыға шығарып, адам құқығы мен әйел құқығын қорғап жүрген эксперттердің пікірін ескеруі керек", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, БҰҰ деректері бойынша Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жылына 400 ге жуық әйел қайтыс болады.  

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: құқық қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір