• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:05:18
Алматы
+35°

Бүгін Сыртқы істер минстрлігі Айбек Смадияров Қытайға барғысы келетін қазақстандықтар үшін жаңа талаптар енгізілгенін хабарлады. 

"Карантин кезінде барлық ел шекарасын жапқан еді. Бірақ кейін кейбір елдерде жеңілдіктер жасалса, кейбірінде жаңа талаптар енгізілді. Қазақстан азаматтарының Қытайға баруы жеңіл болсын деген мақсатта жақында енгізілген жаңа талаптарды жариялайтын боламыз", деп хабарлады министр. 

Былтыр шілде айында Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим келісімі жасалған еді. Алайда аталған режим біржақты жасалған. Нақтырақ айтсақ, Қытай азаматтары 14 күн бойы Қазақстан аумағында визасыз жүре алады. Ал Қазақстан азаматары Қытайға бару үшін виза аштыруға тиіс.  Qamshy.kz ақпарат агенттігі осы келісімге байланысты Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолдады. "Келісім неге біржақты жасалған?", "Визалық талаптардан өзара босату үрдісінің мерзімі қанша?" және "Қос ел азаматтары өзге елде визасыз қанша уақыт жүре алады?" секілді сұрақтар қойылды. Алайда министрлік бұл сұрақтарға нақты жауап бермеді. Тек  визалық тәртіпті жеңілдету еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартып, шетелдік серіктестермен арадағы  байланысты нығайту үшін қажет екенін атап өтті. 

ь б

Министрліктің хабарлауынша ҚХР азаматтары үшін 14 күндік визасыз болу тәртібі 2017 жылы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу кезінде қолданыста болған 3 күндік визасыз транзит тәжірибесі негізінде белгіленген. 

"Қазіргі уақытта тараптармен талқыланып жатқан келісім жобасы екі мемлекет азаматтарына тепе-теңдік қағидатына сәйкес азаматтық паспорттар иелеріне өзара визасыз сапарларға жағдай жасауды көздейді. Қытай тарапы өз кезегінде 2018 жылы Қазақстанды Хайнань өлкесіне визасыз келе алатын елдер тізіміне енгізді. Хайнань аралына демалуға, туризм немесе емдеу мақсатында баратын ҚР азаматтары халықаралық өткізу бекеті арқылы визасыз кіріп, Хайнаньда 30 күнге дейін бола алады", деп жазылған СІМ жауабында. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір