• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 20:39:19
Алматы
+15°

Енді қоғамдық орында балағат сөз айтқандар 69 мың айыппұл төлейді. Қытай жақын арада Тайванға басып кіруі мүмкін. Бұл туралы толығырақ Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан жаңалықтары

Қарағанды облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Топ мүшелері заңсыз қару-жарақ пайдаланып, қылмыстық шабуылдар ұйымдастырған. Топ құрамында бұрынғы тәртіп сақшылары мен күзетшілер де бар екені анықталды. 40 айыпталушы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қалғандарына жедел іздестіру шаралары жалғасуда.

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқандарға салынатын айыппұл 4 есеге өсті

Енді қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар 69 000 теңге айыппұл төлейді (бұрын 17 250 теңге болатын) немесе 15 күнге қамауға алынады. Өзгерістер 6 наурыздан бастап күшіне енеді.

Алматыда қар көшкіні болу қаупі бар

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 7 наурызға дейін Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бойында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлады. Департамент Алматы тұрғындарына тауға шығудан бас тартуға шақырды. 

Әлем жаңалықтары

Бангладештегі өрт болып, мыңдаған адам баспанасыз қалды

Бангладештің оңтүстік-шығысындағы рохинджа босқындарының лагерінде болған өрттен мыңдаған адам баспанасыз қалды. Жексенбі күні тұтанған жалын лагерьдегі 2000-ға жуық баспананы шарпыған. Өрттің шығу себебі белгісіз, зардап шеккендер жоқ.

Грекиядағы пойыз апатынан кейін шерулер жалғасуда

Өткен аптада Грекияда болған пойыз апатынан кейінгі шерулер әлі де жалғасуда. Шеруге шыққандар саны 12 мыңға жетті. Полиция айтуынша, 7 офицер жараланып, 5 адам қамауға алынған. Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис пойыз апаты үшін зардан шеккендердің отбасынан кешірім сұрады.

Қытайдың әскери шығындары 7 пайызға артқан

Бұл жайлы бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысындағы мәлімдемеде айтылды. Ал АҚШ шенеуніктері Қытай таяу жылдары Тайваньға басып кіруі мүмкін деп ескертуде. Қазір Қытай Тайвань төңірегінде әуе және теңізде әскери демонстрациялар өткізіп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір