• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:19:40
+35°
 

Жапонияның Хамамацу қаласы Энсухама жағалауынан табылған метал шар су бетінде қалқып тұратын буй екені анықталды. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды.

Шарды рентген сәулесі арқылы тексергеннен кейін зат жарылыс қаупін тудырмайды деген қорытынды жасалып, полиция жағалау аумағындағы қоршауды алып тастады. Осылайша, белгісіз зат Қытай немесе Солтүстік Кореяның барлауға арналған аппараты болуы мүмкін деген күдік расталмады.

Хамамацу қаласы техникалық департаментінің басшысы Нариюки Такахаши шар тәріздес зат жапон өндірушілеріне тиесілі еместігін, оны қаладағы өндіріс орындарының біріне жеткізгенін айтты. Егер заттың иесі табылмаса, оны қайта өңдеуге жібереді. 

Кеше Энсухама жағалауынан диаметрі 1,5 метр болатын темір шар тәріздес зат табылған. Белгісіз зат жуырда АҚШ аумағында ұшу аппараты атып түсірілгеннен кейін көпшілік назарын аудартқан. АҚШ ұшу аппараты Қытайдың барлау нысаны болуы мүмкін десе, Қытай оны қарапайым метеозонд екенін айтады. Осы оқиғадан кейін Жапония қорғаныс министрлігі жапон әуе кеңістігіне енген күдікті әуе нысандарға қарсы қару қолдану ережелерін кеңейтетінін мәлім еткен.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шар тәріздес зат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір