• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:22:55
Алматы
+35°

Ресейдің Украинадағы басқыншылығы туралы мақала жариялаған Arbat Media редакциясына Ресейдің Ленин аудандық сотынан шақыру келген.

Басылымының жазуынша, шақыру қағазында "Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымдағы Украинадағы соғыс туралы мақаладан шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады" деп жазылған.

Сот отырысы 17 ақпанға белгіленіп отыр.  Аrbat.media порталының редакциясы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін, мақаладағы ақпараттар тек ресми дереккөздерден алынғанын айтып отыр.

Даулы мақалада Владимир Зеленскийдің Украина қарулы күштері Харьков облысында бірнеше елдімекенді Ресей әскерінен азат еткенін айтқаны, алайда оны Ресей ақпарат құралдағы терістегені туралы жазылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Arbat Media Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір