• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:10:35
Алматы
+35°

Өткен жылы Қазақстанда табиғи және техногендік сипаттағы 13 мың төтенше жағдай тіркелді. Жақында ҚР ТЖМ баспасөз қызметі осындай статистиканы жариялады. Сонымен қатар, төтеншеліктер 12 мыңнан астам адамды құтқарып, 13 мыңнан астам азаматты қауіпті жерлерден эвакуациялаған. Адамдарға қауіп туралы неғұрлым ертерек ескертілсе, уақытында көмек алуы соғұрлым жоғары болады. Мұны кез келген тәжірибелі құтқарушы растайды. Себебі үнемделген минуттар дүние-мүлікті ғана емес, ондаған, тіпті жүздеген адамның өмірін құтқарады. Ал осы құтқарушыларға "Маяк-Broadcast" мамандары ұзақ жылдар бойы көмектесіп келеді.

Компанияның көпсалалы инжинирингтік тобы – Қазақстан нарығындағы хабарландыру жүйелерінің ішінде көшбасшы. 13 жыл ішінде олар 20-дан астам табысты жобаларды іске қосты. Компания инженерлері белгілеген құлақтандыру жүйелері Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарында ұзақ уақыттан бері табысты жұмыс істеп келеді. Ең алдымен, бұл ірі қала тұрғындарына таныс сирень-сөйлеу құрылғысы (Елге таныс "Назар аударыңыз!" деп қазақстандықтарды оқу-жаттығу кезінде эвакуациялауға шақыратын дабылды айтуға болады). Және қауіп төнген жағдайда шұғыл байланыс үшін қажетті құрал-жабдықтар. Мамандар өздерін Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де танытқан құрылғыларды қолданады. Біздің елімізде "Марс-Арсенал" құрылғысына негізделгіп істейтін  ескерту жүйелерінің өзі 10 мыңнан асады.

дллль

2019 жылдың маусым айында Арыс қаласында болған трагедияны ешкім ұмытқан жоқ. Бірақ Арыста жарылыс болғанда  "Маяк" компаниялар тобы орнатқан дабыл жүйелері жүздеген адамның өмірін сақтап қалуға көмектескенін көп адам білмейді.  Трагедия кезінде жүйе арқылы адамдарға төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін сәт сайын хабарлап отырды. Уақытында жұмыс істеген сиренаның арқасында, адамдар жағдайдан хабардар болып,зардап шегудің алдын алды. Төтенше жағдай кезінде бұл құрылғылар үмітті ақтап, көмектесті деуге болады.

Өртке қарсы мониторинг те бар. "Ақылды "Маяк-QORNAI" жүйесі – үлкен платформа. Ол өрт енді басталғанда, яғни, түтін шыға бастаған кезде бірден белгі беріп қана қоймай, қауіп төнген жердің координаттарын да анықтай алады. Ал жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру бөлімдерінің платформасын картамен байланыстыру өрт сөндірушілерді жылдам  үйлестіруге және өртеніп жатқан жерге ең жақын тұрған мамандарды тауып жіберуге көмектеседі. Тіпті жолдағы кептелістер туралы хабарлайды! Сонымен қатар, жүйе "112" қызметіне қосылған. Сондай -ақ, "Маяк-QORNAI" өртті қашықтан анықтау үшін дрондарды қолдана алады және коммуникациялардың ішкі жүйесі – чаттар, қоңыраулар, конференциялар және файлдарды бөлісу функциялары бар. Бұл платформа істеп отырған жұмыстардың бір бөлігі ғана.  Жалпы, өрт диспетчері үшін таптырмас құрал әрі көмекші. "Маяк-QORNAI-ды"  тек қалада ғана емес, барлық аймақтарда қолдануға болады.

ьл

Арсеналда және бөгеттерде,  кез-келген су тасқыны қаупі бар аймақта су деңгейін бақылайтын өте қажетті жүйелері бар. Мұндай құрылғы тек ТЖ қызметтеріне ғана емес, сонымен қатар су қоймаларындағы су деңгейін бақылайтын экологтарға да көмектеседі. Мысалы, қалаларды таза ұстауға көмектесетін "ақылды" қоқыс жәшіктері бар, ал қоқысты экологияға зиянсыз жоюға көмектеседі. Арнайы жарықтандырылған "ақылды" жер үсті өткелдері жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы жоғары технологиялық ғажайыптардың барлығы Smart City шешімдерінің аз ғана бөлігі!

Алматы мен облыс тұрғындары үшін сейсмикалық  қауіпсіздіктің маңызы жоғары. Ірі жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесін мегаполиске биыл шілде айында іске қосу жоспарлануда. Себебі бұған қажеттілік бар. Жыл сайын Алматыда орта есеппен 200 рет жер сілкінеді. Ал екі жыл бұрын "Маяк-Broadcast" компаниялар тобында "Марс-Арсенал" сирена-сөйлеу құрылғыларының өзіндік құрастыру желісі іске қосылды. Желі жылына бес мыңға дейін жабдықпен жұмыс істейді. Демек, Қазақстан тұрғындары өздерінің мықты қорғауда екеніне сенімді деген сөз. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір