• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:33:31
Алматы
+35°

Заңдастыруға жатпайтын шетелден әкелінген көлік түрлері аталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Шетелдік көліктерді заңдастырудың Үкімет бекіткен ережесі мен талабының бизнеске арналған автокөліктерге қатысы жоқ. Оның қатарында жүк таситын ауыр көліктер мен автобустар бар" деді Астана қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәліметінше, заңдастыру процесі сырт елден әкелінген элиталық автомобильдерге де қатысы бар.

"Ауыр жүк көліктері мен автобустар неліктен заңдастыруға жатпайтынын жиі сұрап жатады. Оның себебі – аталған көлік түрлері коммерциялық, яғни бизнеске арналған транспорт. Дегенмен аталған автокөлік түрлері жеке мақсатта қолданылатын болса онда заңдастыруға жатады" деп түсіндірді полиция департаментінің өкілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір