• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:16:42
Алматы
+35°

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов жақын арада палата таратылуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Қазақпарат

– Бұл жайында Президент (Жолдауда) айтқан болатын. Яғни, биылдың бірінші жартысында тиісті шешім қабылданатыны мәлім болды. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық база дайындалды, сондай-ақ тиісті заңдарға сайлауға қатысты түзетулер де енгізілді. Сондықтан жақын арада тиісті қадамдар жасалуы мүмкін, – деген А. Қожахметов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Informburo.kz порталының мәліметінше, депутат төменгі палата осы айда тарауы мүмкін екенін, оған депутаттардың өздері бастамашыл болуы ықтимал екенін айтқан.

Бұған дейін мәжіліс келесі аптада мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін екені жөнінде ақпарат шыққан. 

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мәжіліс сайлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір