• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:57:59
Алматы
+35°

Оппозициялық белсенді, Демократиялық партия бастамашыл тобының мүшесі Абзал Достияров қаңтар оқиғасының бір жылдығы қарсаңында полиция қызметкерлері 4 жасар қызымен қоса күштеп бөлімшеге әкеткен оқиға әлі де құзырлы органдардың назарынан тыс қалып отырғанын айтады. Белсендінің сөзінше, қызы психологиялық травма алып, көшеге шығуға қорқып қалған.

Абзал Достияровқа адвокаты 9 қаңтардағы жағдай бойынша 5 қаңтарда түсірген арызы негізінде ешқандай процедура басталмағанын жеткізген.

«Бала құқығының аяқасты болғаны елеусіз қалатын болса, тіпті не дерімді де білмеймін. Онда ел болуымыз қиын-ау» дейді белсенді.

Оқиға болған күннен бері «Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қайда, неге үнсіз» деушілер көп. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бұған айтар жауабы төмендегідей:

Аружан Саин попросила проверить распределение ваучеров для школы Болмановых  - 13.11.2021, Sputnik Казахстан

 

– Біз келіп түсетін әр шағымды қараймыз. Бұл жерде баланың құқығын қорғау жолында нәтиже беретін әрекет жасау аса маңызды. Әрі бұл – әлеуметтік желіде комментарий жазғаннан анағұрлым тиімді. Біз Абзалдың зайыбы Данамен байланыстамыз, прокуратура мен ішкі істер министрлігіне үндеу дайындап жатырмыз, – деді Аружан Саин. 

Абзал Достияров Бала құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесіндегілерден кеңес алғанын растап отыр. Алайда «оларға өзіміз шықтық, бар болғаны бір рет жұма күні (6 қаңтар – ред) сөйлестік» дейді.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса да «Ақ жол» партиясы фракциясының атынан бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне арнайы хат әзірленіп жатқанын, бүгін жолданатынын мәлім етті. Депутат оппозициялық көзқарастағы белсендіге айтары барын, бірақ бала құқығы мәселесінде саяси алаңдағы әңгімені ысырып қою керегін қоса кетті.

Жазықсыз жандарды тұтқындап, Президентті арандатып отырмыз – Қазыбек Иса |  «Экспресс К» ақпараттық порталы

 

– Жанболат Мамай мен Абзал Достияров Ақжол партиясын әлденеше рет негізсіз сынап, бізге жала жапты. Бірақ заң алдында бәріміз теңбіз. Бәріміздің құқығымыз теңдей сақталуы міндетті. Әсіресе бала құқығы. Заң саясаттағы әңгімелер мен көзқарас қайшылығынан жоғары тұруға тиіс. Сондықтан Достарияровты кішкентай қызымен ұстап әкеткен оқиғаға байланысты Азат Перуашевпен («Ақ жол» партиясының төрағасы – ред.) бірге бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне хат әзірлеп жатырмыз. Бүгін жібереміз, – деді депутат. 

Құқыққорғаушы Маржан Аспандиярованың айтуынша, белсендіні 4 жасар қызымен қоса күштеп әкету полиция қызметкерлерінің төменгі моральдық-этикалық келбетінен хабар береді. 

– Біздің полицейлердің көбінде мораль да, этика да, сауат та білім де жоқ. Дені адамгершіліктен жұрдай. Видеоны көріп экранның мына жағындағы біздің өзіміз жаман болып отырмыз. Ал бала қандай травма алды, анасы қандай күйде... Оны ойлаудың өзі ауыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетін ұлтқа қауіпті комитетке айналдырғанын, полиция қызметкерлері жемқор, қылмыскер болып кеткенін қаңтар оқиғасы, өзге де күнделікті жағдайлар талай дәлелдеп берді. Бұл жағдай полиция қызметкерлерінің адам құқығын аяқасты етуге еті үйреніп кеткенін, әрекеттері үшін ешқандай жаза болмайтынын білетіндерін анық көрсетеді. Іс сотқа дейін жететініне сенбеймін. Ары кетсе, қоғам талабынан соң полицейлерге тәртіптік жаза қолданатын шығар. Ал бұндай оқиға демократиясы дамыған елде болса, үлкен шуға ұласар еді, – дейді ол. 

Маржан Аспандиярова полиция қызметкерлерінің осындай әрекеттері мен оған лайықты құқықтық баға бермеу азаматтық қоғамды үрейлендіру, саясаттан алшақтату үшін жасалады деген пікірде.

В Талдыкоргане начался суд над Ержаном Утембаевым

– Билік бір жағынан заңсыздықты осылай көпшілікке жария түрде жасау арқылы кімде-кім белсенді болса, ойын ашық айтып, билікке талап қойса, көретіні осы болады, осылай аямаймыз дегенді ашық түрде көрсетіп отыр. Сол үшін де бұған дұрыс құқықтық баға бермейді. Егер өздерінің заңсыз әрекетін мойындаса, өзге де белсенділер көрген заңсыздықтары туралы айта бастауы мүмкін. Ал ондайлар өте көп. Қазақстанда белсенділерді қудалаудың түр-түрін көріп жүрміз, – дейді ол.

Меліс Сейдахметов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір