• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:57:59
Алматы
+35°

Украинадағы соғыс кезінде Ресей тарапынан қаза тапқан 11 мыңнан астам сарбаздың аты-жөні белгілі болды. Олардың 539-ы мобилизацияланған сарбаздар. Мұндай деректі BBC ашық деректер негізінде анықтаған.

Соғыстың бірінші күнінен бастап ВВС-дің орыс қызметі "Медиазон" басылымы (Ресейде "шетелдік агент" деп танылған) және еріктілер тобымен бірге Украинада соғыс кезінде қаза тапқан азаматтардың тізімін жасаумен айналысып келеді. 6 қаңтарда басылым 11009 сарбаз бен офицер қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

Басылым жиналған деректер адам шығынының нақты көрсеткіші емес, шынайы көрсеткіш кем дегенде 40-60%-ға жоғары болуы мүмкін деп отыр. Кемітіп есептегеннің өзінде Украинадағы соғыста Путин 22 мың сарбазынан айырылған Мұндай қорытынды Ресейдің 60-тан астам елдімекеніндегі зираттағы жағдайды зерттеу нәтижесі бойынша жасалған.

Қаза тапқандарға хабар-ошарсыз кеткен, жарақат алып майдан шебінен шығып қалғандарды қосанда Ресейдің адами шығыны 99 мыңды құрайды. Бұған Донецк пен Луганксідегі "халықтық милиция" сапында соғысқандар кірмейді деп хабарлады басылым.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина Ресей соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір