• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:51:55
Алматы
+35°

Қаңтар оқиғасына бір жыл толғанда мәжілісте оқиғаны тергеу барысы туралы қоғамдық тыңдау өтті.

Бас прокуратура "Қаңтардағы" бүлікке мемлекеттік төңкеріс жасауға оқталу әрекеті деген баға беріп, дайындық 2021 жыл бойы жүргенін жеткізді. Берік Асылов төңкеріс жасамақ болғандар қатарында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, діни экстремистер, бұрын сотталған азаматтар, Қазақстанда экстремистік деп танылған, Еуропарламент бейбіт саяси ұйым деп танитын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жақтастары болғанын айтты.

Бас прокурор Берік Асылов депутат Сауытбек Әбдірахмановтың "төңкеріске оқталу әрекетінің ұйымдастырушысы кім?" деген сұраққа "мемлекеттік төңкеріс жасауға оқталды", "отанға опасыздық жасады" деген күдікпен  ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары ұсталды" деп жауап берді.

Бұдан бөлек Берік Асылов "Дикий Арман" лақап атымен белгілі қылмыс әлемінің авторитеті Арман Жұмагелдиевке ҰҚК қызметкері көмектескенін, Нұрпейісов, Тілеужанова атты діни экстремистер Алматы әуежайын басып алғанын хабарлады.

Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен 18 адам ұсталғанын, олардың 13-інің ісі сотта екенін жеткізді.

Қаза тапқандар туралы сөз қозғалғанда негізінен полиция мен ұлттық ұлан қызметкерлері туралы айтылды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қаңтар оқиғасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір