• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:49:56
Алматы
+35°

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Заречный ауылындағы қазандыққа барды. Жылу орталығының өкілдері облыс әкіміне қазандық жұмысын мазуттан табиғи газға ауыстыру жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ болашақта сұраныстың өсуіне байланысты кәсіпорынның жылу қуатын арттыру жоспарланып жатыр.

«Жоба дайын, сараптамадан өтті, егер келесі жылы жаңғыртуға қаржыландыру бөлінсе, 2024 жылы жұмыстарды аяқтаймыз», – деді жылу орталық өкілдері.

Жаңартудан кейін қазандықтардың қуаты 9,03 Гкал/сағ-тан 13 Гкал/сағ-қа дейін артады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының алдын ала сомасы 200 млн теңгені құрайды.
Магистральдық газ желілерін салу Заречный ауылдық округінің екі ауылында 1 мыңнан астам тұтынушыны газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ьлд

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев Қонаев тұрғындарымен кездесуде атап өткендей, Заречный ауылындағы орталық қазандықтың қуатын арттыру бойынша жобалық-сметалық құжат әзірлеуге биыл жергілікті бюджеттен 9,9 млн. теңге бөлінді.

ьлд

Қазіргі уақытта қазандық 35 үйді (600-ден астам пәтер), 224 жеке үйді және 5 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Жылу желілерінің ұзындығы – 15,021 км, жылу желілерінің тозуы 24% құрайды.

дз

Нысанда барлығы 5 қазандық орнатылған. АХ-300 және FX-300 Dual типті екі автоматтандырылған бу қазандығы, жалпы өнімділігі 0,6 тонна бу/сағ және 3 вв-3500 типті су жылыту қазандығы істеп тұр. Су жылыту қазандықтарының қазіргі жалпы өнімділігі сағатына 9,03 Гкал құрайды. 

Естеріңізге сала кетсек, Қонаев қаласы қазандығы табиғи газбен жылытылатын еліміздегі жалғыз облыс орталығы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір