• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:20:11
Алматы
+35°

«Самғау» жас мемлекеттік қызмет мектебі жұмысының алғашқы дәрісі «Әкімдік іс жүзінде қалай жұмыс істейді және бұл ел экономикасының дамуына қалай әсер етеді?» тақырыбында өтті. Білімгерлермен кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ляззат Мұқатайқызы, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы да қатысты. Облыс әкімі университетті аралап, кітапханамен, SDU Store, факультеттермен, асхана мен теннис алаңымен танысты.

Өз сөзінде облыс басшысы Сулейман Демирель университетінің өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны екенін атап өтіп, жастардың облысты дамытуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

акпк

«Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге келген  сапарында Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек екенін айтты. «Академиялық қалашықты» құру бойынша құзырлы министрлікпен бірлесе жұмыс істейміз. Облысты дамытуда, алға қойған жоспарларды жүзеге асыруда жастардың алар орны ерек. Биыл мектеп түлектеріне 100-ге жуық грант бөлінеді. Қонаев қаласы жаңадан серпін алып келе жатқандықтан, жас буынды аймаққа тарту үшін бірқатар жұмыс қолға алынады», – деді Марат Елеусізұлы.

Өңір басшысының айтуынша, қазіргі таңда облыс орталығы Қонаев қаласының бас жоспары мен аймақтың 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы әзірлену үстінде. Төл топырақтың тұрлаулы өміріне өзгеше бояу қосамын деген әр жас өзіндік ойларымен болашақ жоспарларын, стартап жобаларын ұсыныс ретінде енгізе алады.
«Отауын жеке сайлаған облысымыздың даму стратегиясы бірнеше бағытты көздейді. Мәселен, теңгерімді аумақтық даму, адами капиталдың сапасын арттыру, адамдар үшін қол жетімді инфрақұрылым,  халықтың табысын арттыру, тұрақты экономикалық өсу сынды тармақтарды қамтитын болады», -деді студенттермен кездесуде өңір басшысы.

Сонымен қатар, Марат Елейсізұлы таяу болашақта Қонаев қаласы мен өзгеде аудандардың өзіне тән озық бағыты айшықталып, бәсекеге қабілетті болатынын алға тартты. Мысалы, Балқаш ауданында күріш өсіру мен жем-шөп базасы жаңғырса, Кеген және Райымбек аудандарында ет-сүт өндірісі мен туризм саласы қарқын алмақ.

Алдағы стартегияда «Жасыл» экономикаға көшуге көп көңіл бөлінеді. Бұған себеп, қазір жаңартылатын энергия көздері саласында облыстың республикада алдыңғы орында болуы. Ал жалпы энергетикадағы ЖЭК үлесі 2025 жылға қарай 21%-ға дейін ұлғайып, 16% -. құрайды. Жалпы қуаты 44 МВт болатын 5 ГЭС, 27 МВт-қа жел энергиясының 5 әуе генераторын және 6,4 МВт-қа 2 биоЭС салу жоспарланған.
 
«Экологияның сақталуы мен  қоршаған ортаға қамқорлық танытуға басты басымдық беріледі. Бүгінгі күні    қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттары салынып, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар газбен жабдықтауға ауыстырылуы сөзімнің дәлелі.  Өңірдің осы тектес және өзгеде бағыттарының өркендеуі жолында өздеріңіздің жаңа ақпараттық технологиялар, инженерия, құрылыс және басқа да көптеген салалардағы қызықты стартаптарыңыз арқылы   сіздердің алар орындарыңыз ерекше болмақ. Мен сіздерді  тек өз ісінің маманы болып қана қоймай,  сонымен қатар кәсіпкер, бизнесмен  ретінде бақтарыңызды сынап, өздеріңіздің жаңа кәсіпорындарыңызды  құрудан қорықпауға шақырамын»,- деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Кездесу барысында СДУ білімгерлері облыс әкіміне транспорт, Алтын ауыл ықшам ауданының тазалығы, интернет мәселесі, Ұзынағаш, Жібек жолы сияқты шалғай ауылдарға қатынау мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдады.

Айта кету керек, кемел келешектің тұтқасын ұстаушы жандар мен облыс басшылығының кездесуіне мұрындық болған Жас мемлекеттік қызмет мектебі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен құрылған. Мектеп тыңдаушылары облыстың мемлекеттік органдарында міндетті түрде тағылымдама мен өндірістік тәжірибеден өтуге жіберіледі, бұл оларға болашақта мемлекеттік органда тез бейімделуге мүмкіндік береді.
 
Анықтама. Сулейман Демирель атындағы Университет 1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Түркия мемлекетінің 9-шы президенті Сулейман Демирельдің қатысуымен ашылды. Университеттің стратегиялық даму жоспарының басты мақсаты – еліміздегі және Орта Азиядағы таңдаулы, халықаралық үлгідегі жоғарғы оқу орындарының бірі болу. Білім ордасы бүгінгі таңда Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы 14 гектарлық алаңда орналасқан. Заманауи талаптарға сай 40 мың шаршы метрлік кампус пен 20 000 шаршы метрлік жатақханасы бар. Қазіргі таңда 8 мыңнан астам студент білім алады. 

Университет құрамында 4 факультет пен Мультидисциплинарлық орталық жұмыс істейді:

– Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті;
– Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті;
– Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті;
– Бизнес мектебі.
 
Ағылшын тілінде білім беретін алғашқы университеттердің бірі болып табылатын университетте қазіргі уақытта 55 білім беру бағдарламасы: 28 бакалавриат, 20 магистрлік және 7 докторлық бағдарлама бар. СДУ үш тілді білім беру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Білім беру бағдарламаларының 62%-ы ағылшын тілінде, 20%-ы қазақ тілінде, ал 18%-ы ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде оқытылады. Профессорлық-оқытушы құрамы – еліміз бен шетелдің белді оқу орындарын бітірген өз істерінің мамандары. Жалпы саны 271 оқытушы бар, оның ішінде 20%-ы ғылым кандидаты, 36%-ы PhD докторы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір