• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:17:30
Алматы
+12°

Атырау облысында биылғы 11 айда сыбайлас жемқорлық дерегімен 26 адам сотталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Ерлан Досановтың мәліметінше, сыбайлас жемқорлық фактілері құрылыс саласында жиі болған.

"Бірінші басшыдан бағынышты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілік сұралады. Сол себептен, сыбайлас жемқорлық қылмысын болдырмау үшін арнайы карта енгізілді. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде 417 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру қаупінің алдын алып отырмыз. Департамент қызметкерлері тауарларға, көрсетілетін қызметтерге бағаны қолдан көтеру дерегіне қатысты мемлекеттік сатып алу конкурстарына жүргізген мониторингтің нәтижесімен 4 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді. Биылғы жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық дерегімен 26 адам сотталды. Оның ішінде бірінші басшы лауазымын атқарған 3 адам бар" деді Ердан Досанов.

Оның айтуынша, мемлекеттік орган басшыларының тарапынан тиісті бақылау жасалмайды. Бұл әлеуметтік нысандар мен жол құрылысын мерзімінде тапсырмауға әкеліп соқтырады. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда тек формальды тәсілдер қолданылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір