08 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фотоколлаж
Президент жарлығымен Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл қызметті оған дейін Алтай Көлгінов атқарып келген.
Жеңіс Қасымбек 1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын "Темірбанк" ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған. Бірнеше министрлікті басқарып, премьер-министрдің орынбасары болған. Бұған дейін Қарағанды облысына жетекшілік еткен.
Әкесі Махмұд Қасымбеков 90 жылдары президент кеңсесін басқарған. Қазір де экс-президент Н.Назарбаевтың сенімді тұлғаларының бірі. "Елбасы" кеңсесін басқарады.
Осылайша әлеуметтік желіде Көлгінов кетіп, елорда басшылығына Қасымбек келеді деген сыбыс расталып отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір