• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:01:47
Алматы
+35°

2022 жылдың 16 қарашасында Алматыдағы Неміс үйінде «Из истории депортации немцев в Казахстан 1941-1945 гг.» атты кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерді құжаттар жинағының авторы, ф.ғ.д., неміс тарихшысы, қазіргі уақытта Германияда тұратын жерлесіміз Альфред Эйсфельд өткізді, деп жазады assembly.kz. 

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ, «Deutsche Allgemeine Zeitung» республикалық неміс газетінің өкілдері, ҚХА белсенділері мен студенттері, неміс тілі курстары, неміс жастарының клубы және «Возрождение» немістердің Алматы мәдени-этникалық қоғамы мен БАҚ тілшілері қатысты.

Жинақ авторы Альфред Эйсфельд шараға қатысушыларға «Из истории депортации немцев в Казахстан 1941-1945 гг.» кітабын жазу барысында зерттеу ұжымының атқарған жұмыстары туралы айтып берді және жинақталған материалдар мен құжаттардың алғашқы рет жарияланғанын атап өтті. Жиын қонақтары немістерді депортациялау, мұрағат материалдарымен жұмыс және өзге де мәселелер бойынша авторға өз сұрақтарын қойып, тұщщымды жауаптар алды.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға «Из истории депортации немцев в Казахстан 1941-1945 гг.» кітабының Альфред Эйсфельдтің қолы қойылған көшірмелері табысталды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір