• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:41:05
Алматы
+35°
 
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде тарап жатқан "кредиттік рақымшылық" жүргізілді және қарыздардың барлық түрлері есептен шығарылды деген ақпарат шындыққан жанаспайтынын мәлімдеді.

Агенттік хабарламасында кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарды қолдау үшін 2021 жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілгені атап өтілген.

"Кредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет, онда олардың өтініші қаралады және проблемалық берешекті қайта құрылымдау шарттары ұсынылады. Қарызды қайта құрылымдау шарттары: сыйақы мөлшерлемесін төмендету; төлемді кейінге қалдыру; өтеу әдісін өзгерту; қарыз мерзімін ұлғайту; мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл), қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді жою және т. б. түрінде болуы мүмкін. Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау шарттары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, ол кредитордың жауабын алған күннен бастап 15 күн ішінде Агенттікке жүгінуге құқылы. Бұл ретте қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға өзінің өтінішін растауды және өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеуді міндетті түрде ұсынуға тиіс" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кредит саясаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір