• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 19:52:52
Алматы
+35°

"Тәуелсіз бақылаушылар" қоғамдық бірлестігі Адам құқықтары жөніндегі халықаралаық бюроның пресс-орталығында 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауын Алматы қаласы бойынша бақылау нәтижесін жариялады.

Бірлестік жетекшісі Арайлым Назарованың айтуынша, қоғамдық ұйым 98 бақылаушыны дайындап, олардың 87-сі сайлау учаскелерінде бақылау жүргізген. "Тәуелсіз бақылаушылар" бірлестігі 60 сайлау учаскесін бақылаған, оның ішінде Наурызбай ауданындағы барлық сайлау учаскелері қамтылған.

Бақылаушылардың қолында 64 хаттама бар. Хаттама көшірмесін бақылаушыға бермеу дерегі бойынша 11 іс сотқа дайындалып жатыр.

"Тәуелсіз бақылаушылар" қоғамдық бірлестігі бақылау жүргізген учаскелердегі нәтиже бойынша, сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 18 пайызы ғана қатысқан. Ал сайлау учаскелері хаттамаларында сайлауға қатысу көрсеткіші 27 пайыз делінген. ОСК нәтижесі де соған жақын – 28,72%.

Бақылаугшылар санағында, кандидаттардың жинаған даусы төмендегідей:

Қарақат Әбден – 2,41%;

Нұрлан Әуесбаев – 2,75%;

Жигули Дайрабаев – 3,69%;

Мейрам Қажыкен – 1,02%;

Қасым-Жомарт Тоқаев – 69,53%;

Салтанат Тұрсынбекова – 2,19%;

Бәріне қарсымын бағаны – 9,32%;

Бүлінген бюлетендер – 8,85%.

Қазіргі президенттен өзге кандидаттарға берілген дауыс нәтижесі Тәуелсіз бақылаушылар санағы мен Орталық сайлау комиссиясының санағында ұқсас. ОСК сайлауда Қарақат Әбден 2,6%, Нұрлан Әуесбаев 2,22%, Жигули Дайрабаев 3,42%, Мейрам Қажыкен 2,53%, Салтанат Тұрсынбекова 2,12% дауыс жинады деп жариялаған. Ал кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев жинаған дауыста 12 пайызға жуық алшақтық бар. ОСК қазіргі президент 81,31 пайы дауыспен жеңіске жетті дейді. Айтарлықтай алшақтық "бәріне қарсымын" бағанында да байқалады. Тәуелсіз бақылаушылар сайлаушылардың 9,32 пайызы бәріне қарсылығын білдірді десе, ресми нәтижеде бағанды таңдаушылар 5,8% болғаны айтылады.

Бақылаушылар сайлау қарсаңында кеңселерінде бірде жарық, бірде интернет өшіріліп жұмыс барысына кедергі жасалғанын жеткізді. Басқа кеңсе іздеуге тырысқанында жалға берушілер билікпен қиындық туа ма деп қорқып, бақылаушыларға ғимаратты жалға беруден бас тартқан. Баспасөз жиыны барысында бақылаушы боламын деп келіп, бақылаушы куәлігін қолға түсірмек болғандар да кездескені атап өтілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір