• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:18:43
+35°
Ресейлік саясаттанушы Дмитрий Дробницкийдің Қазақстан туралы айтқан арандату сипатындағы сөздеріне сыртқы істер министрлігінің өкілдері әдеттегідей сарында жауап берді. 
 
"Дробницкийдің сөздері Ресей билігінің көзқарасын білдірмейді, мұндай мәлімдемелер екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасқа нұқсан келтіреді" деп жұмсақ сөйлеген Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың тек "мәлімдемеге Ресей билігі реакция танытуы керек" дегені ғана нақты шықты.
 
Іnformburo.kz сайтының келтіруінше, аталған жайтқа байланысты Ресей елшісін шақырту, наразылық нотасын жолдау туралы әзірге ақпарат жоқ.

Ресей телеарналарының бірінен көрсетілетін "Вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасының 20 қараша күнгі шығарылымында ресейлік саясаттанушы Дмитрий Дробницкий Ресейдің келесі проблемасы Қазақстан болатынын айтқан. 

"Ол жақта да Украинадағыдай нацистік процестер басталуы әбден мүмкін. Ол жақта орыстар көп, Росатомға қажетті ядролық жанармай да бар" деген ол Семей мен елдің аумағы туралы сөзінің артын жеп қойды. Ол Қазақстанның кей жерлері Ресейдікі дегенді айтқысы келген болуы мүмкін. Өйткені осыған ұқсас сөздер бұған дейін Ресей депутаттары тарапынан әлденеше рет айтылған. 

Қазақстан билігі мұндай даулы мәлімдемелер жекелеген адамдардың көзқарасы екенін, Ресей билігінің ұстанымын білдірмейтінін қайталаумен келеді.

Қоғам белсенділері егер Ресей Украинадағы соғыста жеңіске жетсе, Қазақстанда орыс этносының өкілдеріне қысым жасалып жатыр деген сылтаумен әскери қимылдарға баруы мүмкін екенін жиі айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дмитрий Дробницкий

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір