• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:08:42
Алматы
+35°

Алматыда крематорий құрылысының мерзімі бағаның өсуіне және сметаны өзгерту қажеттілігіне байланысты кейінге шегерілді. Крематорий құрылысы 2023 жылдың алғашқы айларында аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Алматыдағы крематорий құрылысы трансформаторлық қосалқы станса мен газ құбырының трассасын орнатуды қоспағанда 80 пайызға орындалған. 

"2021 жылдың екінші тоқсанында бағаның серпінді өсуіне байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезеңіне трансформаторлық қосалқы станцияның сметалық құны өзгерді. Газ құбырының бағыты мен жалғау нүктесі де өзгертілді. Осыған байланысты Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне өтініш жолданып, жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуге келісім алынды. Жобалау ұйымы жобаны түзету жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жергілікті бюджет комиссиясының қарауына ұсыну үшін құжаттар дайындалды. Ол бекітілгеннен кейін "Мемсараптама" РМК-дан оң қорытынды алып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған байланысты нысанды ашып, пайдалануға беру кейінге шегеріліп отыр. Болжамды мерзім – 2023 жылдың бірінші тоқсаны", – делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір