• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:32:06
Алматы
+35°
Экономистер мен шенеуніктер алда бір дағдарыс келе жатқаны анық дегенді жиі айтады. Оның басты себебі – Ресейдің Украинаға басып кіруі, деп жазады ВВС-дің орыс қызметі.

Басылым әлем экономикасының үш қозғалтқышы – АҚШ, Еуропа және Қытай қарқынын бәсеңдеткеніне назар аударған. Осы үштікке әлемдік өндіріс мен тұтыну мөлшерінің үштен бірі тиесілі болғандықтан, олардың тұрақтылығына планетаның өзге тұрғындарының тұрақтылығы қатты тәуелді. 

"Еуро аймақ Ресей газын жеткізу қысқаруына байланысты қиын жағдайда. Қытай ковид карантині мен жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыстан зардап шегіп отыр. Ал АҚШ-та инфляцияға байланысты адамдардың табысы мен тұтыну көрсеткіші төмендеп, кредит ставкалары инвестиция пайыздарын жеп қоюда" дейді халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева. 

Кристалина Георгиеваның айтуынша, алпауыт елдердегі ахуал дамушы және кедей елдерге әсер етеді.

"Олар аз таба бастайды. Өйткені олардың экспорттық тауарына сұраныс азаяды. Ал қымбатшылыққа байланысты ақшаны көп жұмсай бастайды" деді ол Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы соңғы жиынын ашқан сәтте.

Америкалық JPMorgan Chase банкінің иесі Джейми Даймон "бұл жолғы дағдарыс несие нарығынан келе ме, әлде қор нарығынан ба, әлде тіпті біз мүлде күтпеген өзге жерден келе ме, әзірге ұғып болмайсың" дейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: экономика

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір