• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

04 Желтоқсан, 08:58:49
Алматы
-6°

Түркия билігі АҚШ-тың көңіл айту жеделхатын қабылдамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлы хабарлады деп жазады Hurriyet басылымы. 

"Бұл бізге жасалған ескерту екенін жақсы білеміз. Мұндай ескерту жасаудың негізгі себебінен де хабардармыз. АҚШ-тың көңіл айтуын қабыл алмаймыз. Бұл ескертуге қарсы үлкен бір жауап беретін боламыз", деді Сүлеймен Сойлы. 

Бұдан бөлек, министр Истикляль көшесіне жарылғыш зат қалдырған әйел Грекияға қашып кетуді жоспарлағанын хабарлады. 

"Әрине, мұндай арсыздыққа, опасыздыққа шыдай алмайтынымызды айтқым келеді. Истикляль көшесі біздің орталықта орналасқан танымал көшеміз. Жасалған терактіге қатысты арнайы операциялар әлі де жалғасып жатыр. Терористер қолға түсті. Егер ұсталмаса Грекияға қашып кететін еді. Біз терактінің қалай жоспарланғанын, қалай іске асырылғанын жақсы білеміз. Алла ұлтымызға амандық берсін" деді министр. 

Кеше Стамбулдың орталық көшелердің бірі Истикляльда болған жарылыс болған. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 81 адам жараланған. Түркия ІІМ басшысы жарылғыш затты қалдырған әйел мен тағы 21 күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір