• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:02:00
Алматы
+35°

Ашық нормативтік құқықтық актілер порталына Оқу-ағарту министрінің "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының жобасы жарияланды.

Құжатта көзделген өзгерістер қатарында жаңа оқу жылынан бастап қазақ тілінен өзге тілде оқытатын мектептердің 5, 8, 10-сынып оқушыларынан "Қазақ тілі" пәнінен емтихан алу бар.

Емтихан қазақ тілінде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі" пәнінен, өзге тілдерде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша өтеді.

Бұйрық жобасы қоғам талқысында 23 қарашаға дейін болады. Егер қабылданып жатса, 2023-2024 оқу жылынан бастап қолданысқа енеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қазақ тілі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір