• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:05:31
+35°

Қазақстан мен Өзбекстан агроссор ел Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесіп отыр. Бұл туралы Украина барлау қыметі бас басқармасының өкілі Вадим Скибицкий La Repubblica басылымына берген сұхбатта мәлім етті, деп жазады украиналық Gazeta.ua порталы. 

"Ресей қару жеткізу бойынша Қытай мен Солтүстік Кореядан көмек сұраған. Қырғызстанға да жүгінген болуы мүмкін. Дәлірек айтқанда зымырын жүйесіндегі отты "Смерч" және "Ураган" қаруларына оқ жеткізуді сұраған. Ал Қазақстан мен Өзбекстан Ресейге зымыран әзірлеу үшін қажетті америкалық және жапондық азаматтық компоненттерді сату арқылы, оларға санкцияны айналып өтуге көмектесіп отыр" дейді Скибицкий 

Ол Ресейде әскери парадтарда көрсетіп жүрген суперзаманауи қару жоқ екенін, Мәскеу жеке өзі жоғары технологиялық қару жасауға қауқарсыз болғандықтан, өзге елдерге жүгінетінін атап өтті.

Басылым 20 қазанда Еуроодақ Иранға Ресейге әскери дрондар жеткізгені үшін санкция салғанын, Иран билігі басында Ресейге қару жеткізгенін үзілді-кесілді терістеп, артынша камикадзе дрондарын жеткізгенін мойындағанын еске салады. Ресми Тегеран қару Украинадағы соғыс басталғанға дейін әрі аз көлемде берілді дейді.

Украина барлау қызметі мен АҚШ-тың CNN арнасы Иран жақын уақытта Ресейге тағы да жүздеген камикадзе дрондарын, жақын қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандар жіберетінін хабарлады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір