07 Қараша, 2022 NEWS
Фото: Ашық дерекөзден
Bank RBK директорлар кеңесінің шешімімен Болат Жәмішев банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі.
Болат Жәмішев 2022 жылдың 1 ақпанында «Қазақстан халқына» қорының төрағасы болып тағайындалған еді.
Қордың мәліметінше, 2022 жылдың тамыз айындағы дерек бойынша, қорға ашылғалы 120,1 млрд теңге қаражат түссе, бүгінге дейін соның 12,3 млрд теңгесі қайырымдылыққа аударылған.
Айта кетейік, Bank RBK активі қазіргі таңда 12 трлн теңгені құрайды, 1 қазандағы таза пайда 9,3 млрд теңгеге жеткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір