• USD 465.38

  • EUR 483.58

  • RUB 7.69

  • CNY 64.95

26 Қараша, 21:44:56
Алматы
-6°

Оппозициялық саясаткер, тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай үй қамаққа жіберілетін болды. Бұл туралы Қамшы тілшісіне белсендінің жұбайы, журналист, құқыққорғаушы Инга Иманбай жеткізді.

Инга Иманбайдың айтуынша, Жанболат Мамайға қатысты бұлтартпау шарасы күзетпен ұстаудан үйқамаққа ауыстырылған. Алдағы уақытта соты болмақ.

Жанболат Мамай тоғыз айдан бері қамауда отыр. Оған заңсыз митинг ұйымдастырды, полицияға тіл тигізді, жалған ақпарат таратты деген айыптар тағылып отыр. Жуырда Жанболат Мамайға тағылған "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бабымен ауыстырылған. Инга Иманбай билік мұндай қадамға халықаралық қысымнан кейін барды деп санайды.

Белсендінің өзі бірде-бір айыпты мойындамайды. Өзін қудалаудың саяси астары бар деп санайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жанболат Мамай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір