• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:05:22
Алматы
+12°

ҰҚК Шекара қызметі Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу арнасының жолын кескенін хабарлады.

ҰҚК мәліметінше, Шекара қызметі «Боран» арнайы бөлімшесін қолдана отырып өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орта Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған шетелдік азаматты 1,5 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны алу кезінде ұстаған.

"Өткізілген тінтудің нәтижесінде бірнеше қазақстандық ұйымдардың мөрлері, 20 ауғандық төлқұжат, туу туралы куәліктер мен ҚР азаматтығы мен елде тұруға ықтияр хат алуға, тіркелуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар алынды. Аталған факт қылмыстық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды." делінген ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Заңсыз миграция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір