• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:40:01
+35°

Ресей президенті Влаадимир Путин Херсон және Запорожье облыстарының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады РИА Новости. Құжат ресми интернет порталда жарияланды. 

"Халықаралық құқықтың жалпылай қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, БҰҰ Жарғысында бекітілген халықтардың тең құқықтары мен өзін-өзі билеу принципін растай отырып, 2022 жылғы 27 қыркүйекте өткен референдум нәтижесін ескеріп Қаулы етемін: Запорожье/Херсон облысының егемендігі мен тәуелсіздігін мойындау туралы шешім қабылдадым", делінген құжатта. 

Бүгін түстен кейін Кремльде оккупацияланған облыстар мен сепаратистік ДХР мен ЛХР "Ресей құрамына кіру" туралы шарттарға қол қою рәсімі өтеді.

Ресей басып алған Луганск, Донецк, Херсон, және Запорож облыстарында 23-27 қыркүйек күндері Ресейге қосылу бойынша референдум өткен. Оның нәтижесін БҰҰ мен Еуроодақ, АҚШ-пен қатар Қазақстан да мойындамайтынын мәлімдеген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина Ресей Херсон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір